Францияда Луврды тонады деген күдікпен екі адам ұсталды

Францияда Луврды тонады деген күдікпен екі адам ұсталды, сурет - Zakon.kz жаңалық 26.10.2025 15:03 Сурет: pexels
Париждегі Лувр мұражайын тонауға қатысы бар деген күдікпен екі француз азаматы ұсталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Le Parisien басылымының мәліметінше, 2025 жылғы 25 қазанда кешке екі күдікті қамауға алынған.

Олар Сена-Сен-Дени департаментінен шыққан, шамамен отыз жастағы ер адамдар. Тергеу дерегіне сай, олар төрт қылмыскерден тұратын топтың мүшесі болуы мүмкін. Бұл топ әйгілі француз мұражайына автомобиль көтергіші бар жүк көлігін пайдаланып кірген.

"Ғасыр тонауы" деп аталған бұл оқиға 18 қазанда болған. Сол күні мұражайдан француз корольдерінің баға жетпес әшекейлері ұрланған.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: