Ресейде жүкті студенттерге арналған төлем қарастырылуда

Беременность, живот беременной, беременная, беременные, рождаемость , сурет - Zakon.kz жаңалық 27.10.2025 09:54 Фото: unsplash
Ресейдің Тула облысында жүкті студенттерге 150 мың рубль (шамамен 999 571 теңге) көлемінде төлем беріледі, деп хабарлайды Zakon.kz.

РИА Новости агенттігінің мәліметінше, бұл төлемді алу үшін Ресей Федерациясының азаматшасы болу және Тула облысында тұрақты тұру қажет.

Ақша алу үшін жүкті әйелдер медицина мекемесінде есепте тұруы және техникумда, училищеде немесе жоғары оқу орнында күндізгі бөлімде оқуы тиіс. Төлемге үміткер студент қыздың жүктілік мерзімі кемінде 12 апта болуы қажет.

Сонымен қатар, 2026 жылдың 1 наурызынан бастап Ресейде жүкті әйелдер мен жүктілік нәтижелері туралы мәліметтер енгізілетін арнайы реестр іске қосылады. Бұл туралы Ресей Федерациясының вице-премьері Татьяна Голикова мемлекеттік демографиялық және отбасылық саясатты жүзеге асыру кеңесінің отырысында хабарлады.

Бұған дейін Францияда Луврды тонады деген күдікпен екі адам ұсталғанын жазғанбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: