Израильге қаза тапқан тағы үш тұтқынның сүйегі қайтарылды

Израильге қаза тапқан тағы үш тұтқынның сүйегі қайтарылды, сурет - Zakon.kz жаңалық 03.11.2025 12:03 Сурет: freepik
Израиль әскері Газа секторында қаза тапқан тағы үш тұтқынның денесін алды, деп хабарлайды Zakon.kz.

The Times of Israel басылымының жазуынша, Қызыл Кресттің халықаралық комитеті ЦАХАЛ-ға (Израиль қарулы күштері) ХАМАС өкілдерінен Газаның оңтүстігінде үш табыттың берілгені туралы хабарлаған.

"Қызыл Крест табыттарды Израиль әскери қызметкерлеріне жеткізіп, онда бас раввиннің қатысуымен шағын рәсім өтті", – делінген ақпаратта.

ХАМАС өкілдері қалған қаза тапқан адамдардың денелерін табу және эвакуациялау үшін айтарлықтай операциялық күш пен арнайы жабдық қажет екенін мәлімдеді.

Бұған дейін Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху ХАМАС-пен бітімге қол жеткізгеннен кейін АҚШ президенті Дональд Трампқа алтыннан жасалған көгершін мүсінін сыйға тартқан болатын. Тірі қалған соңғы 20 тұтқын 13 қазанда босатылды. Алайда кейбір қаза тапқандардың денелері әлі де Газа секторында қалып отыр.

Бұған дейін Грета Тунбергтің Израильде тұтқында болған кезінде көрген қорлығын жайып салғанын жазғанбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: