Үндістанда хакерлер перзентханалардағы камераларды бұзып, видеожазбаларды әлеуметтік желілерде сатқан

Үндістанда хакерлер перзентханалардағы камераларды бұзып, видеожазбаларды әлеуметтік желілерде сатқан, сурет - Zakon.kz жаңалық 18.11.2025 11:15 Сурет: freepik
Үндістанда хакерлер ел бойынша 50 мыңнан астам бейнебақылау камерасын бұзып, жазбаларды әлеуметтік желілерде сатып отырған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Gazeta.ru мәліметінше, ақпанда Гуджарат штатының полициясы YouTube платформасында жергілікті перзентханалардың бірінде тексеруден өтіп жатқан жүкті әйелдердің видеолары жарияланғанын анықтаған.

Әр видеороликтің соңында алаяқтар Telegram-арналарға сілтеме қалдырып отырған. Сол арналарда олар жазбалардың толық мұрағатын 9 доллардан (4 700 теңге) 22 долларға (11 491 теңге) дейінгі бағада сатуды ұсынған.

Тергеу барысында қылмыстық топтың елдегі әртүрлі нысандарға орнатылған камераларға заңсыз қол жеткізгені белгілі болды: ауруханалар, колледждер, кеңселер және тіпті жеке жатын бөлмелер. Хакерлер үйлерден тікелей трансляцияларды да сату ұсыныстарын жариялаған.

Осы дерекке байланысты жеке өмірге қол сұғу, кибертерроризм және әдепсіз материалдарды тарату баптары бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта сегіз адам ұсталды. Барлық видеороликтер Telegram мен YouTube-тан өшірілді.

Құқық қорғау органдарының айтуынша, бұзылған камералардың басым көпшілігі стандартты немесе өте әлсіз құпиясөздер қолданған.

Бұған дейін Конгода мыс шахтасы опырылып, отыз шақты жұмысшы қаза тапқанын жазғанбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: