Канада аралдарының спутниктік суреттері әлеуметтік желілерде сенсация тудырды
Сурет: NASA
NASA спутниктері түсірген Канаданың солтүстік бөлігінің суреттері әлеуметтік желілерде қызу талқыланып жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.
Daily Mail басылымының ақпаратынша, көптеген адамдар бұрын рекурсивті аралдардың бар екенін білмеген – яғни, бір аралдың ішінде орналасқан басқа аралдар.

Сурет: NASA
Спутник түсірген суреттен ұзындығы 300 метрден сәл асатын шағын аралды көруге болады. Бұл арал – атауы жоқ шағын көлдің ішінде орналасқан. Ал бұл көл – одан да үлкенірек бір аралдың ішінде орналасқан.

Сурет: NASA
Ал сол үлкен аралдың өзі ұзындығы 90 шақырымдық аралдың ішінде орналасқан. Бұл Виктория аралының жағалауына жақын жерде орналасқан, Жер шарындағы ең ірі аралдардың бірі. Виктория аралы – әлем бойынша көлемі жағынан сегізінші орындағы арал.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript