Италияда жұмыссыз ер адам марқұм анасының мәйітін үйде сақтап, атынан зейнетақы алып отырған
Фото: pexels
Corriere басылымының мәліметінше, АХАТ қызметкері күдікті әйел туралы полицияға хабарлаған. Қызметкердің айтуынша, келген әйелдің жасы 85-те болуы мүмкін емес – оның бет әрлеуі, сырғалары мен блузкасы күмән тудырған.
Полиция екі апта бұрын қызметкер түсірген сурет пен оның 10 жыл бұрын берілген жеке куәлігіндегі суретті салыстырып, екі фото бір адамға тиесілі емес екенін анықтаған.
Тексеру барысында белгілі болғандай, әйелдің медбикелік білімі бар жұмыссыз ұлы анасы қайтыс болғаннан кейін бірнеше жыл бойы оның атынан зейнетақы алып отырған. Сонымен қатар ол салық декларацияларына да анасының атынан қол қойып келген. АХАТ қызметкері оны құжаттарды рәсімдеу үшін қайта шақырған кезде, полиция оны сол жерде ұстаған.
Ер адамның үйін тінту кезінде полиция бір бөлмеден оның мумияланған анасын тауып алған.
È accusato di occultamento di cadavere e #truffa l’uomo che nel mantovano ha finto di essere la madre deceduta per intascarne la #pensione. Le foto del camuffamento.#Tg1 Maria d’Elia pic.twitter.com/TGIOL7ha8c
— Tg1 (@Tg1Rai) November 24, 2025
Бұған дейін Нигерияда қарулы қарақшылар 200-ден астам оқушыны ұрлап әкеткенін жазғанбыз.