Түркіменстанда ауқымды сән көрсетілімі өтті
Сурет: Instagram/selbisha_beauty
Ashgabat Fashion Show сән көрсетілімі Түркіменстан тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай ел астанасында өтті. "Мир" телеарнасының мәліметінше, шарада 10 түркімен дизайнері мен сән бутиктері өз топтамаларын ұсынды.
"Заманауи үлгіде тігілген киімдердегі көне түркімен оюлары ұлттық күміс әшекейлермен тамаша үйлесті. Айта кетейік, түркімен кестелеу өнері ЮНЕСКО-ның дүниежүзілік мәдени мұралары тізіміне енгізілген", – делінген ақпаратта.
Кинорежиссер Гүлелек Хезретгулыеваның айтуынша, түркімен әйелінің бейнесі ертеден бері байсалдылықпен және қарапайымдылықпен байланыстырылады, ал дәстүрлі ұлттық киім мен күміс әшекейлер бұл келбетті айқын көрсетеді.
Түркіменстанда ұлттық стильді заманауи трендтермен үйлестіру қуатты сән үрдісіне айналып келеді. Бұл шоудың сәтті өтуі Ашхабадтың жоғары мәртебесін тағы бір мәрте айқындайды. 2023 жылы қала ЮНЕСКО-ның "Дизайн" категориясы бойынша шығармашылық қалалар желісіне қосылған болатын.
Бұған дейін Өзбекстанда той үстінде қайын енесі келінімен қақтығысқа түсе жаздағанын жазғанбыз.