Хиджабсыз жүгірді: Иранда марафон ұйымдастырушылары қамауға алынды

Хиджабсыз жүгірді: Иранда марафон ұйымдастырушылары қамауға алынды, сурет - Zakon.kz жаңалық 08.12.2025 11:51 Сурет: X/AlinejadMasih
Иран билігі марафонға қатысқан әйелдер хиджабсыз жүгіргені үшін шара ұйымдастырушыларын қамауға алды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Өткен жұмада Иранның оңтүстігіндегі Киш аралында өткен марафонға екі мың әйел мен үш мың ер адам қатысты. Қызыл футболка киген кейбір әйелдер хиджабсыз немесе бас киімсіз жүгірген.

Ирандық журналист Масих Алинеджад жариялаған кадрларда хиджабсыз жүгірген әйелдердің көптігі байқалады. Оның айтуынша, ұйымдастырушылар марафонды тоқтатуға тырысқан, бірақ бұл әрекеті сәтсіз аяқталған.

Өз кезегінде, Иран билігі бұл жағдайды қалыптасқан тәртіпке қайшы келетін әрекет деп бағалады. Желіде тараған бейнелерден кейін жергілікті билік марафонның екі ұйымдастырушысын қамауға алған.

Бұған дейін Қырғызстанда балаларын аяусыз ұрған әйелге қылмыстық іс қозғалғанын жазғанбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: