Мысыр визаның қымбаттағаны жайлы сыбыстарды жоққа шығарды

Мысыр визаның қымбаттағаны жайлы сыбыстарды жоққа шығарды, сурет - Zakon.kz жаңалық 10.12.2025 12:14 Сурет: pixabay
8 желтоқсанда Мысыр билігі елге кіру визасының қымбаттағаны жөніндегі ақпаратты ресми түрде теріске шығарды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл мәлімдемеге себеп – бірқатар әлемдік бұқаралық ақпарат құралдарының визаның бағасы 45 долларға дейін өсті деп жазған ақпараттары. Туризм министрлігінің баспасөз қызметі Facebook-тегі парақшасында бұл ақпаратты жоққа шығарып, оны жай ғана қауесет деп атады.


"Визаның құнын 25 доллардан көтеру туралы ешқандай шешім қабылданған жоқ. Шын мәнінде бекітілгені – тек визалық алымның мүмкін болатын ең жоғарғы мөлшері, яғни билік болашақта пайдалана алатын шекті мән ғана. Бірақ бұл визаның нақты бағасына еш әсер етпейді", – делінген ақпаратта.

Бұған дейін Таиланд шетелдіктерге қатысты виза режимін қатаңдатқанын жазғанбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: