Бейбітшілік саласындағы Нобель сыйлығының лауреаты араға айлар салып көпшілік алдына шықты

Бейбітшілік саласындағы Нобель сыйлығының лауреаты араға айлар салып көпшілік алдына шықты, сурет - Zakon.kz жаңалық 11.12.2025 14:34 Сурет: Х/NTN24
2025 жылғы 11 желтоқсанда Венесуэла оппозициясының лидері Мария Корина Мачадо Норвегия астанасында бой көрсетті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Мачадо бірнеше ай жасырын жүргеннен кейін Ослодағы Grand Hotel қонақүйінің балконынан жарыққа шығып, халыққа қол бұлғады. Ол соңғы рет қаңтар айында жұрт алдына шыққан еді. Саясаткер халықпен кездесу кезіндегі фото мен видеоларды әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады.

Бейбітшілік саласындағы Нобель сыйлығының лауреаты Мария Корина Мачадоға Венесуэла билігі елден шығуға тыйым салғанына қарамастан, Норвегияға жасырын түрде келе алған. Қонақүй балконында жиналған халықтың алдында ол қолын жүрегіне қойып, қолдаушыларымен бірге ән айтты, содан кейін көпшілікпен жеке кездесуге шықты.

Осыдан кейін Мачадо сыртқа шығып, металл қоршаулардың артында күтіп тұрған жақтастарын қарсы алды. Бір сәтте ол қоршаудан асып өтіп, өз жақтастарына қосылды.

10 желтоқсанда дәстүрлі түрде Нобель сыйлығын табыстау өтетін Осло мэриясында оппозиционер Мачадоның күлімдеген үлкен портреті ілініп тұрды. 58 жастағы Венесуэла оппозициясының жетекшісі ел билігі салған 10 жылдық шетелге шығу тыйымына қарамастан, марапатты жеке өзі алуды жоспарлаған. Алайда ол уақытылы Норвегия астанасына жете алмай, салтанатқа қатыса алмаған.

Сыйлықты табыстау рәсіміне оның орнына қызы қатысты. Ана Корина Соса бұл марапатты анасының атынан қабылдап алды.

Сурет: Х/NobelPrize

Нобель институты биыл Мачадоға сыйлықты "Венесуэлада диктатурадан демократияға әділ әрі бейбіт өтуді қамтамасыз ету жолындағы күресі үшін" берді.

Мачадо 2024 жылғы сайлаудан бері жасырын өмір сүріп келеді. Ол және оның жақтастары сайлау нәтижелері бұрмаланды деп санайды.

Бұған дейін Нобель институты оның салтанатқа өзі қатысатынын хабарлаған болатын. Алайда сейсенбі күні таратқан баспасөз хабарламасында бұл жоспардың өзгергенін мәлімдеді.

"Мария Корина Мачадо сұхбаттарында Ослоға барудың қаншалықты қиын болатынын бірнеше рет атап өткен. Сондықтан қазіргі уақытта оның қашан және қалай Нобель сыйлығын тапсыру рәсіміне келетінін нақтылай алмаймыз", – делінген ақпаратта.

Бұған дейін Таиланд пен Камбоджа шекарасындағы қақтығыс салдарынан мыңдаған адам босқынға айналғанын жазғанбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: