Сегіз оқушы сағыздан уланып, ауруханаға түсті

Школьник, школьники, ученик, ученики, ученики старших классов, школа, школы, старшеклассники, сурет - Zakon.kz жаңалық 12.12.2025 13:46 Фото: Zakon.kz
Баку қаласындағы орта мектептердің бірінде сегіз оқушы сағыздан уланып, ауруханаға түсті, деп хабарлайды Zakon.kzү

minval.az басылымының жазуынша, бес оқушы А. Гараев атындағы балалар клиникалық ауруханасына, тағы үшеуі Нариманов аудандық балалар инфекциялық ауруханасына жеткізілген.

Балаларға қажетті медициналық көмек көрсетілді: бір оқушыдан жоғарғы тыныс жолдарының инфекциясы анықталды, қалғандарына "жедел гастрит" диагнозы қойылды. Тексеруден кейін бәрі амбулаторлық емге жіберілді.

Мектеп әкімшілігі оқушыларда әлсіздік пен жүрек айнуы болғанын айтты. Оқу орны бірден жедел жәрдем шақырып, тиісті мемлекеттік органдар мен ата-аналарды хабардар еткен.

Алдын ала тергеу нәтижесінде оқушылардың бірі мектеп жанындағы дүкеннен сағыз сатып алып, сыныптастарына бергені анықталды. Болжам бойынша, дәл сол сағыз балалардың өзін жайсыз сезінуіне себеп болуы мүмкін. Қазір құзырлы органдар тексеріс жүргізіп жатыр. Оқушылардың жағдайы қанағаттанарлық деп бағалануда.

Бұған дейін Жамбыл облысында оқушылар фастфудтан жаппай уланғанын жазған болатынбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: