Алматыда бұрыш спрейінен жеті оқушы ауруханаға түсті

Алматыдағы N96 мектепте бұрыш спрейі шашылғанның салдарынан 7 оқушы ауруханаға түсті, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қалалық ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға 29 наурызда дәретханада үзіліс кезінде болған.
"9-сынып оқушысы бұрыш спрейін шашып, бұл жақын маңдағы оқушылардың реакциясын тудырды. 7 оқушы емделуге ауруханаға жеткізілді". Алматы ПД баспасөз қызметі
Осы факті бойынша Алмалы ауданы ППБ оқушының ата-анасына Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 127 бабына сәйкес шара қолданады.
Материал кәмелетке толмағандар істері жөніндегі комиссияның қарауына жіберіледі.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript