Жоғалып кеткен ұшақ 13 жылдан кейін Үндістанда табылды

Жоғалып кеткен ұшақ 13 жылдан кейін Үндістанда табылды, сурет - Zakon.kz жаңалық 18.12.2025 11:21 Сурет: X/airindia
Үндістанның Air India әуе компаниясы 2012 жылдан бері жоғалып кетті деп саналып келген Boeing 737-200 жолаушылар ұшағын тапты, деп хабарлайды Zakon.kz.

The Sun басылымының мәліметінше, әуе кемесі осы уақыт бойы Калькутта әуежайында тұрғанымен, тасымалдаушының ресми мұрағаттарынан жоғалып кеткен.

Жағдай әуежай әкімшілігі компанияға ұшақтың ұзақ уақыт тұрғаны үшін есепшот жібергеннен кейін ғана белгілі болды. Барлық кезең үшін салынған айыппұлдың жалпы сомасы 114 мың АҚШ долларын құраған.

Алғашында компания өкілдері бұл ұшақтың өздеріне тиесілі екенін жоққа шығарған. Алайда ішкі тексеру нәтижесінде салмағы 30 тонна болатын лайнердің шынымен де бұрын Air India компаниясының жоғалып кеткен ұшағы екені расталды.

Бұған дейін Мексикада депутат әйелдер кеңес отырысында төбелесіп қалғанын жазғанбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: