Шымкентте ата-анасы жоғалып кеткен ұлымен екі жылдан кейін қауышты

Шымкент, ата-ана, бала, жоғалған ер адам, сурет - Zakon.kz жаңалық 30.11.2023 16:35 Сурет: polisia.kz
2021 жылы Шымкентте 34 жастағы ер адам жоғалып кетті, деп хабарлайды Zakon.kz.
Туыстарының айтуынша, ол үйден шығып, қайтып оралмаған. Оның жүрген жерін анықтауға криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері жұмылдырылды.
"Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында тәртіп сақшылары із-түзсіз жоғалған адамның баруы мүмкін барлық жерді тексеріп, көрші облыстардағы әріптестеріне жүгінді. Жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде ер адам Алматыда құрылыс нысандарының бірінен табылды, ол жалдамалы жұмыс істеген", – деп хабарлады Шымкент қаласының полиция департаменті.

Ер адам Шымкенткежеткізілді. Қарт ата-ана мен әпкесі полиция қызметкерлеріне көмек көрсеткені үшін алғысын айтты.

Жақында Ақтауда ағасы мен қарындасы 27 жылдан кейін бір-бірімен  қауышты.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: