Оңтүстік Африкада атыс-шабыс болып, шамамен 20 адам қаза тапты

Қару, шабуыл, Оңтүстік Африка, бар, атыс-шабыс, қайғылы оқиға , сурет - Zakon.kz жаңалық 21.12.2025 11:38 Сурет: pixabay
Оңтүстік Африкада алтын өндіретін аймақ - Йоханнесбург маңындағы барда белгісіз қарулы адамдар атысып, салдарынан тоғыз адам қаза тапты, тағы 10 адам жарақат алды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Mathrubhumi English полицияға сілтеме жасай отырып, қылмысқа не түрткі екені, әзірге белгісіз екенін жазады.

"Белгісіз қарулы топ бар алдындағы кездейсоқ кездескендерді де атып өлтірген", – дейді полиция.

Бұл - соңғы уақытта орын алған осындай екінші қайғылы жағдай.

Басылымның хабарлауынша, қаза тапқандардың арасында бардың жанында орналасқан онлайн-такси қызметінің жүргізушісі және провинция полициясының комиссары да бар.

"Бұл аймақта атыс-шабыс жиі кездеседі, көбінесе бандиттік зорлық-зомбылық пен бейресми кәсіпорындар арасындағы бәсекелестіктен тудындап жатады", деп жазады портал.

Бұған дейін Австралияның Сидней қаласындағы Бонди-Бич жағажайында болған теракт салдарынан қаза тапқандар саны 16 адамға дейін жеткенін жазғанбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: