Британдық фермерлер тракторлармен митингілер өткізіп, нәтижесінде мұрагерлік салықтан босатылды

Британдық фермерлер митингілер өткізіп, мұрагерлік салықтан босатуға қол жеткізді, сурет - Zakon.kz жаңалық 24.12.2025 12:57 Сурет: pixabay
Бірқатар наразылық акцияларынан кейін Ұлыбритания билігі ауыл шаруашылығы жерлеріне салынатын 20 пайыздық мұрагерлік салықтың шегін көтеру туралы шешім қабылдады. Осылайша шағын шаруашылықтар бұл салықтан босатылатын болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

The Guardian басылымының жазуынша, 2026 жылдың сәуірінен бастап ауыл шаруашылығы мүлкіне қатысты салықтан босату шегі 1 миллион фунт стерлингтен 2,5 миллион фунт стерлингке дейін ұлғайтылады. Соның нәтижесінде салық төлеуге тиіс шаруашылықтар саны 375-тен 185 фермаға дейін азаяды.

Басылымның жазуынша, 2025 жылы Уэльс фермерлері Ұлыбритания премьер-министрі Кир Стармердің сөйлеген сөзі кезінде тракторлармен жаппай митинг өткізген. Фермерлердің наразылығына үкіметтің құны 1 миллион фунттан асатын ауыл шаруашылығы жерлеріне 20 пайыздық мұрагерлік салық енгізу туралы шешімі себеп болған.

Бұған дейін Анкара аспаны Ливия генералы мінген ұшақтың жоғалуына байланысты жабылғанын жазғанбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: