Анкара аспаны Ливия генералы мінген ұшақтың жоғалуына байланысты жабылды

Ливия генералы мінген ұшақтың жоғалуына байланысты Анкара аспаны жабылды, сурет - Zakon.kz жаңалық 24.12.2025 12:18 Сурет: pixabay
Бортында Ливия Бас штабының бастығы бар Анкарадан ұшып шыққан ұшақпен байланыс жоғалды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Boşuna tıklama басылымының жазуынша, қазіргі уақытта Анкараның әуе кеңістігі ұшу үшін жабық.

"Анкарадағы Эсенбога әуежайынан Триполи бағытында ұшып шыққан Falcon 50 типті ұшақпен байланыс 20:52-де жоғалды. Химана аймағына шұғыл қону туралы өтініш түскен, дегенмен содан бері байланыс қалпына келмеді. Ұшақтың бортында бес жолаушы бар, оның ішінде Ливия Қарулы Күштері Бас штабының бастығы генерал Мұхаммед Әли Ахмед Әл-Хаддад та бар", – делінген ақпаратта.

Бұған дейін Ким Чен Ынның қызымен бірге Солтүстік Кореядағы жаңа қонақүйлерді тексеріп шыққанын жазғанбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: