Әзірбайжанда үш жасар бүлдіршін көліктің ішінде қамалып, тірідей өртеніп кетті

Әзірбайжанда үш жасар бүлдіршін көліктің ішінде қамалып, тірідей өртеніп кетті, сурет - Zakon.kz жаңалық 25.12.2025 12:37 Сурет: pexels
Әзербайжанда ойын баласы үй ауласында тұрған, әкесіне тиесілі ВАЗ-2107 көлігіне ойнау үшін кіріп, қайғылы жағдайда көз жұмды, деп хабарлайды Zakon.kz.

МК дерегіне сүйенсек, сол сәтте баланың әкесі көлігін жөндеп жүрген. Ол бұрауыш алуға үйге кіріп кетіп, қайта оралғанда автокөліктен түтін шығып жатқанын көрген.

Әкесі абыржып, баласын құтқару үшін көліктің әйнегін сындыруға тырысқанымен, оған күші жетпеген. Кейін көліктің есігін ашқанда ішке оттегі еніп, салон бірден тұтанып кеткен.

Жалыннан қорыққан бала алдыңғы орындықтан артқы орындыққа ауысып, сол жерде қамалып қалған. Өкінішке қарай, ол осылайша, көліктің ішінде қалып қойып, тірідей жанып кетті.

Бұған дейін Францияда бойжеткенді жыныстық-құлдыққа салғандарға үкім шыққанын жазғанбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: