Green Card лотереясы: танымал бағдарлама жайлы соңғы ақпараттар

Green Card лотереясы: танымал бағдарлама жайлы соңғы ақпараттар , сурет - Zakon.kz жаңалық 26.12.2025 09:49 Сурет: pixabay
Жуырда Green Card лотереясы жайлы соңғы мәліметтер пайда болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

23 желтоқсаннан бастап АҚШ Мемлекеттік департаменті Diversity Visa бағдарламасы бойынша иммиграциялық визаларды беруді уақытша тоқтатты. Виза беру тоқтатылғанымен лотереяның өзі жойылған жоқ.

Құжаттарды тапсырып, сұхбаттасу өткізуге болады, сұхбат жазбалары толығымен сақталады, дегенмен DV визалары қазір ешкімге де берілмейді. Мұның себебі – АҚШ-тағы резонанстық оқиғалардан кейін қауіпсіздік пен іріктеу шараларын тексеру, онда күдікті елге DV арқылы кірген.

Бұл ретте, берілген визалар жойылмайды, қолданыстағы мәртебелер де күшінде қалады. Ал, үзілістің аяқталу мерзімі әзірге белгісіз.

Бұған дейін америкалықтың лотереядан 1,8 миллиард доллар ұтып алғанын жазғанбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: