Бразилияда танымал жағажайдағы туристердің көз алдында ұшақ теңізге құлады

Ұшақ, Бразилия, ұшақ апаты, Копакабана, жағажай, туристер, теңіз, видео, сурет - Zakon.kz жаңалық 28.12.2025 10:58 Сурет: pixabay
Рио-де-Жанейрода жарнамалық баннерді көкке алып ұшқан жеңіл моторлы ұшақ Копакабана жағажайы маңында теңізге құлады. Ұшқыш қаза тапты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Republic World басылымы мәліметінше, жарнамалық компанияға тиесілі Cessna 170A танымал жағажайдың маңында теңізге құлдилай құлаған. Аталған оқиға куәгерлер арасында дүрбелең тудырды.

Құтқару топтары апат болған жерде іздеу жұмыстарын жүргізіп жатыр. Сүңгуірлер де теңіз түбін барлауда.

Апатты тергеуді Бразилия әуе күштері өз қолына алды, ресми тұлғалар ұшақ сынықтарын зерттейтін болады. Апатқа не түрткі екені әлі белгісіз, бірақ тергеу тобы оқиғаның мән-жайын зерттеп жатыр.

Бұған дейін Мексикада кісі толы бизнес-джет апатқа ұшырағаны туралы хабарланған болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: