Италияда көліктер ағылып жатқан тас жолға ұшақ құлады

Ұшақ, Италия, тас жол, құлау, әуе апаты, сурет - Zakon.kz жаңалық 23.07.2025 18:53 Сурет: pixabay
Италияның Фенили Беласи ауылы маңындағы тас жол үстіне жеңіл моторлы ұшақ құлады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Brescia Today басылымының хабарлауынша, ұшақ апаты кезінде бортта екі адам болған. Бірі – 75 жастағы ер адам, екіншісі - 60 жастағы әйел. Екеуі де опат болды. Марқұмдардың денелері өртеніп кеткен ұшақтың фюзеляж жағынан табылды.

Басылымның хабарлауынша, тас жолға ұшақтың мұрнымен келіп қадалуы салдарынан болған жарылыс кезінде жолаушылар көлігі мен жүк көлігі де апатқа ұшыраған. Ондағы адамдар ауыр жарақат алмаған.

Әзірге, ұшақтың неге құлағаны тексеріліп жатыр.

Ұшақтың апатқа ұшыраған сәті видеоға түсіп қалған. Ролик әлеуметтік желілер мен шетелдік БАҚ-тарда таралуда.

Бұрын Бангладештегі колледж аумағына әскери ұшақ құлап, ондаған адам қаза тапқаны хабарланған болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: