Қытайдағы ауылдардың бірінде жүктілік үшін айыппұл енгізілді

Беременность, живот беременной, беременная, беременные, рождаемость , сурет - Zakon.kz жаңалық 29.12.2025 13:46 Фото: pexels
Қытайдағы ауылдардың бірінде тұрғындар басқа провинциядағы адамдармен некеге тұрғаны үшін ақшалай айыппұл төлеуге міндеттелген, деп хабарлайды Zakon.kz.

China Morning Post басылымының жазуынша, айыппұлдар некесіз жүктілік пен ресми тіркеусіз бірге тұру жағдайларына да қатысты болған.

Құжатқа сәйкес, айыппұл мөлшерлері мынадай:

  • Юньнань провинциясынан тыс адаммен некеге тұрғаны үшін – 1 500 юань (109 702 теңге);
  • некесіз жүктілік үшін – 3 000 юань (219 405 теңге);
  • ресми некесіз бірге тұратын жұптар үшін жыл сайын – 500 юань (36 567 теңге).

Сонымен қатар, отбасын құрғаннан кейін "тым ерте" уақытта (10 айға жетпей) бала туылғаны үшін де жаза қарастырылған.

Дегенмен, желіде шу тудырған "заң" жоғары билік тарапынан көп ұзамай жойылды.

Бұған дейін Садыр Жапаровтың Алмазбек Атамбаевты барлық мемлекеттік наградаларынан айырғанын жазғанбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: