Маңғыстау облысындағы ауылдардың бірінде түнде оқ атылды

Полиция, түнде, Маңғыстау облысы, Басқұдық ауылы, оқ атылды, сурет - Zakon.kz жаңалық 10.01.2026 13:11 Сурет: unsplash
2026 жылғы 10 қаңтарға қараған түні Мұнайлы ауданының Басқұдық ауылында оқ атылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Екі адамның арасындағы қақтығыс қанды оқиғаға ұласты. Бірі екіншісіне қару қолданып, қолын резеңке оқпен жаралады, деп жазады Lada.kz Маңғыстау облысы полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Жәбірленушіге медициналық көмек көрсетілді, оның өміріне аса қауіп төніп тұрған жоқ.

Қос төбелесқұмар тергеу изоляторына тоғытылды. ҚР Қылмыстық кодексінің "Бұзақылық" бабы бойынша іс қозғалды.

Ұсталғандардың тұрғылықты жерін тінту кезінде полицейлер тыйым салынған дәрі-дәрмектер, сондай-ақ ұртоқпақ таяқтар мен пышақтарды тапқаны анықталды. Тәркіленген заттардың барлығы іс материалдарына қоса тіркелді.

Алдын ала мәліметтер бойынша, жанжалға қарыз міндеттемелері түрткі болған. 

Күдіктілер бес жылдан жеті жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Бұған дейін Екібастұздағы қанды оқиға туралы жазғанбыз. Бұл ретте пышақталған ер адам қаза тауып, тағы бір әйел ауруханаға жеткізілді. 

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: