Екібастұздағы қанды оқиға: ер адам қаза тауып, тағы бір әйел ауруханаға жеткізілді

Пышақ, Екібастұз, Павлодар облысы, тұрмыстық жанжал, ер адам, қаза тапты, әйел, аурухана, сурет - Zakon.kz жаңалық 10.01.2026 09:55 Сурет: pixabay
2026 жылғы 9 қаңтарда кешке Екібастұз қаласындағы пәтерлердің бірінде болған қанды оқиға туралы полицияға хабарлама түскен, деп хабарлайды Zakon.kz.

Павлодар облыстық ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, оқиға орнына келген полиция қызметкерлері тұрмыстық жанжал барысында, болжам бойынша алкогольдік мас күйде, жанжалға қатысушылардың біріне бірнеше жерінен пышақ жарақаты салынғанын анықтады.

"Алған жарақаттарының салдарынан ол оқиға орнында көз жұмды. Сонымен қатар тағы бір әйел пышақ жарақатын алып, медициналық мекемеге жеткізілді. Күдікті ізін суытпай ұсталды. Ол уақытша ұстау изоляторына қамалды. Аталған дерек бойынша адам өлтіру және адам өлтіруге оқталу фактілері бойынша қылмыстық іс қозғалды". Павлодар облыстық ПД баспасөз қызметі

Қазіргі уақытта барлық қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде.

Бұған дейін Алматыда өртенген пәтер ішінде жалғыз қалып кеткен 95 жастағы кейуана құтқарылғанын жазғанбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: