Қызылордада сауда орталығына бомба қойылғаны туралы хабарлама расталмады
Сурет: Zakon.kz
2024 жылғы 1 шілдеде Қызылорда қаласындағы сауда орталықтарының бірінде жарылғыш құрылғы қойылғаны туралы полицияға анонимдік хабарлама түскен, деп хабарлайды Zakon.kz.
1 шілдеде Қызылорда облысының полиция департаменті анонимдік хабарлама бойынша өңір орталығындағы сауда орталығында тексеру жүргізді.
"Оқиға орнына шұғыл түрде жедел қызметкерлер жіберілді. Ғимараттан адамдар эвакуацияланып, тексеру жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде тыйым салынған заттар мен жарылғыш құрылғылар анықталған жоқ", делінген полиция хабарламасында.
Қызылорда облысының полиция департаменті қылмыстық құқық бұзушылық болып табылатын терроризм актісі туралы жалған хабар бергені үшін жауапкершілік туралы ескертеді, ол үшін Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 273-бабында (Терроризм актiсi туралы көрiнеу жалған хабарлау) жаза көзделген. Осы бап бойынша 5 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript