Маңғыстау облысында базар өртеніп кетті
Сурет: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі
2025 жылғы 2 қазанда Маңғыстау облысы Мұнайлы ауданы, Басқұдық ауылында өндірістік аймақ №3, 170-учаскеде орналасқан ағаш базары аумағында өрт шықты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Шақырту орнына жеткен бойда құтқарушылар ағаш қалдықтарының жанғанын анықтаған.
Төтенше жағдайлар департаментінің күштері шамамен 100 текше метр ағашты аман сақтап қалып, оттың жақын тұрған мейрамханаға таралуына жол бермеді.
Мәліметке сүйенсек, жану ауданы 250 шаршы метрді құрады.
"Өртті сөндіруге барлығы 13 бірлік техника және 50 адам жеке құрам жұмылдырылды. Зардап шеккендер жоқ, себебі анықталуда",- делінген ақпаратта.
Бұған дейін Қарағандыда екі адам кәріз құбырын төсеу кезінде топырақ астында қалып, көз жұмғанын жазғанбыз.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript



