Маңғыстау облысының тұрғыны ұрлық қылмысын ашқан полицейлерге алғыс айтты

Машина полиции, полицейский автомобиль, полицейские, полиция, автомобиль полиции, полицейская машина, патрульная машина, сурет - Zakon.kz жаңалық 06.02.2026 14:07 Фото: Zakon.kz
Мұнайлы ауданы Басқұдық ауылының 4-өндірістік аймағында орналасқан база аумағына белгісіз азаматтардың заңсыз кіргені анықталды.

Күдіктілер база аумағынан 8 мотор майы құйылған бөшке, 2 трансмиссиялық май құйылған бөшке және 4 құрал-саймандар жиынтығын ұрлап, оқиға орнынан бой тасалаған.

Аталған заңсыз әрекеттер салдарынан жәбірленушіге жалпы сомасы 3,8 млн теңгеге жуық материалдық шығын келтірілген.

Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде бір тәулік ішінде күдіктілер анықталды. Олар жасаған ісін мойындады. Қазіргі уақытта күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Аталған факті бойынша тергеу амалдары жалғасып жатыр. Қылмыстың қысқа мерзім ішінде ашқан полицейлерге жәбірленуші шынайы ризашылығын білдіріп, олардың жедел әрі кәсіби әрекеттерінің арқасында келтірілген материалдық шығынның орнын толтыруға мүмкіндік туғанын атап өтті.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: