Амстердамда Жаңа жыл түні ғасырлық тарихы бар шіркеу өртеніп кетті
Сурет: pixabay
NL Times газетінің хабарлауынша, тарихи қала орталығына жақын орналасқан шіркеу өртенді.
От түн ортасынан кейін көп ұзамай тұтанған. Амстердам мэрі Фемке Халсеманың айтуынша, басты міндет жақын маңдағы тұрғындардың және олардың үйлерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету болды.
Төтенше жағдай салдарынан Вонделкерк шіркеуінің мұнарасы құлады.
Төтенше жағдайлар қызметі өрттен шыққан күл қала орталығына қарай ұшып жатқанын атап өтті.
Вонделкерк шіркеуі 1872 жылы салынған. Ол жүз жылдан астам уақыт бойы католик ғибадатханасы қызметін атқарвп келді. Соңғы уақытта ғимарат салтанатты іс-шараларды өткізу үшін пайдаланылып келген.
🇳🇱 Shortly after New Year’s, a major fire broke out at Amsterdam’s historic Vondelkerk, with flames engulfing the top of the church.
— Europa.com (@europa) January 1, 2026
Built in the late 1800s by architect Pierre Cuypers, the former Catholic church later became a cultural and events venue after closing for worship… pic.twitter.com/8H3QGFnHzl
Бұған дейін Бразилияда "Азаттық" атты алып мүсінінің көшірмесі қатты жел кезінде құлап, қирағанын жазғанбыз.