Ирандағы наразылықтар кезінде қаза тапқандар саны 116 адамға жетті

Ирандағы наразылықтар кезінде қаза тапқандар саны 116 адамға жетті, сурет - Zakon.kz жаңалық 11.01.2026 17:46 Сурет: freepik
Иранда өтіп жатқан жаппай наразылықтар кезінде қаза тапқандар санына қатысты жаңа мәліметтер жарияланды, деп хабарлайды Zakon.kz.

АҚШ-тағы Адам құқықтарын қорғау белсенділерінің жаңалық агенттігінің (HRANA) дерегіне сәйкес, қаза тапқандар саны 116 адамға жеткен. Ислам Республикасындағы наразылық акциялары 14 күннен бері жалғасып келеді.

Қаза тапқандардың арасында қауіпсіздік күштерінің 37 қызметкері, төрт медицина қызметкері және бір прокурор бар. Сонымен қатар 2 600-ден астам адам түрлі жарақат алған, ал ұсталғандардың жалпы саны 2 638 адамнан асқан.

Иран билігі әзірге қаза тапқандар мен жараланғандар саны туралы ресми ақпарат жариялаған жоқ. Бұған дейін, 10 қаңтар күні HRANA 66 адамның қаза тапқанын хабарлаған еді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: