Сеулде автобус жүргізушілері ереуілге шықты

Сеулде автобус жүргізушілері ереуілге шықты, сурет - Zakon.kz жаңалық 13.01.2026 12:06 Сурет: Х/koreatimescokr
13 қаңтарда Сеул автобус қызметі жұмысшыларының кәсіподағы мен Сеул автобус көлігі кәсіпорындарының қауымдастығы ауқымды ереуіл басталғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Белгілі болғандай, оқиға жұмыс берушімен жалақыны көтеру туралы келіссөздер сәтсіз аяқталғаннан кейін болды. Бұл туралы Yonhap басылымы жазды.

Кәсіподақтар келесіні талап еткен:

  • жалақыны 3%-ға ұлғайту;
  • зейнеткерлікке шығу жасын ұзарту.

Алайда басшылық талаптарды шамадан тыс қаржылық ауыртпалықты алға тартып, қабылдамады. Осылайша, 394 маршрутта шамамен 7400 автобус тоқтатылады деп күтілуде.

Қолайсыздықты азайту мақсатында қала билігі қосымша метро пойыздары мен тегін автобус маршруттарын іске қосуды жоспарлап отыр. Бұл туралы Сеул мэриясы өзінің әлеуметтік желілерінде мәлімдеді.

Бұған дейін Малайзияда тасқын су салдарынан мыңдаған адам эвакуацияланғанын жазғанбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: