Малайзияда тасқын су салдарынан мыңдаған адам эвакуацияланды

Малайзияда тасқын су салдарынан мыңдаған адам эвакуацияланды, сурет - Zakon.kz жаңалық 12.01.2026 11:44 Сурет: pexels
Малайзияның шығыс өңірлерінде орын алған ауқымды су тасқындарына байланысты 3 100-ден астам адам уақытша эвакуацияланып, арнайы қауіпсіз орындарға орналастырылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Bernama ақпарат агенттігінің мәліметінше, табиғи апаттан ең көп зардап шеккен аймақ – Саравак штаты. Мұнда 2 802 адам эвакуацияланған. Сондай-ақ Сабах штатында 366 тұрғын қауіпсіз жерге көшірілді.

Зардап шеккендерге көмек көрсету үшін аталған өңірлерде шамамен 30 эвакуациялық орталық жұмысын бастады.

Алдын ала бағалау бойынша, 2024 жылы Малайзияда болған су тасқындарының жалпы келтірген шығыны 933,4 млн ринггитті құрады. Бұл шамамен 228,6 млн АҚШ долларына тең және елдің жалпы ішкі өнімінің (ЖІӨ) 0,05 пайызына жуық.

Бұған дейін Ауғанстанда топан судан 17 адам опат болғанын жазғанбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: