Ауғанстанда топан судан 17 адам опат болды

Ауғанстанда топан судан 17 адам опат болды, сурет - Zakon.kz жаңалық 02.01.2026 16:56 Сурет: freepik
Ауғанстанда тасқын судан 17 адам көз жұмып, тағы 11 тұрғын жарақат алған, деп хабарлайды Zakon.kz.

"24kz" телеарнасының ақпаратынша, елді ұзақ уақыт құрғақшылық жайлаған болатын. Кенеттен жаңбыр құйып, қар жауып соңы тасқынға ұласты. Апат салдарынан 1800-ден астам үй қирап, біраз мал суға кетті.

Қазір құтқару шаралары жалғасып, залал мөлшерін бағалау жұмыстары жүріп жатыр.

Бұған дейін Швейцариядағы алапат өрттен зардап шеккен 80 адам ауыр халде жатқанын жазғанбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: