Швейцариядағы алапат өрттен зардап шеккен 80 адам ауыр халде жатыр

Швейцариядағы алапат өрттен зардап шеккен 80 адам ауыр халде жатыр, сурет - Zakon.kz жаңалық 02.01.2026 15:12 Сурет: pexels
Швейцариядағы Кран-Монтана тау-шаңғы курортында орналасқан барда болған өрт салдарынан зардап шеккен 115 адамның кемінде 80-і әлі де ауыр жағдайда. Шамамен 40 адам қаза тапты. Бұл туралы ел билігі мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Швейцариядағы Constellation барында Жаңа жыл түні қуатты жарылыс болып, артынша ірі өрт шыққан. Жергілікті полицияның деректеріне сәйкес, 115 адам зардап шеккен.

Билік өкілдерінің мәлімдеуінше, қаза тапқандардың көпшілігі жас, ал барлық марқұмдардың жеке басын анықтауға бірнеше күн қажет болады.

Осы қайғылы жағдайға байланысты 1 қаңтардан бастап Швейцария президенті қызметіне кіріскен Ги Пармелен дәстүрлі жаңа жылдық үндеуін кейінге қалдырды.

Бұған дейін Таиландтағы ядролық жарылысқа ұқсас ерекше отшашу тұрғындарды шошытқанын жазғанбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: