Өскеменде автобус жүргізушісі жаппай жол апатына себеп болды

Өскеменде автобус жүргізушісі жаппай жол апатына себеп болды, сурет - Zakon.kz жаңалық 13.01.2026 22:50 Сурет: куәгерлер
13 қаңтарда Өскеменде автобус пен екі көлік соқтығысты, деп хабарлайды Zakon.kz.

YK-news.kz мәліметінше, апат Студенттер қалашығы ауданында болған. Автобус пен екі жеңіл көлік соқтығысқан.

Шығыс Қазақстан облысы полиция департаментінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, жол-көлік оқиғасына автобус жүргізушісінің қауіпсіз арақашықтықты сақтамауы себеп болған.

Сонымен қатар қолайсыз ауа райы жағдайы да әсер еткен. Оқиға салдарынан автобус Mercedes және ВАЗ-210 автокөліктерімен соқтығысқан.

Апат салдарынан зардап шеккендер жоқ.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: