Танымал спортшы АҚШ-ты футболдан әлем чемпионатын өткізу құқығынан айыруды ұсынды
Сурет: Instagram/dominik.hasek_39
Стэнли Кубогының екі дүркін иегері және Чехия құрамасының спортшысы, хоккейден Олимпиада чемпионы Доминик Гашек футболдан АҚШ-та өтетін әлем чемпионатына арналған 17 мың билеттің күшінің жойылуына байланысты пікір білдірді, деп хабарлайды Zakon.kz.
X әлеуметтік желісінде (бұрынғы Twitter) спортшы АҚШ футболдан әлем чемпионаты және Олимпиада ойындары сияқты ірі спорттық турнирлерді өткізбеуі керек екенін жазды.
"Футболдан әлем чемпионатына арналған 17 мың билеттің күші жойылды? Сіздерге бұл жеткіліксіз бе?! Демократия құлдырап, зорлық-зомбылық пен қуғын-сүргін өркендеп жатқан елде... Халықаралық құқықты елемейтін ел футболдан әлем чемпионатын немесе Олимпиада ойындарын өткізбеуі керек!", деп жазды ол.
17 thousand canceled tickets for the World Cup? That's not enough! A country where democracy is withering and violence and repression are prevalent... And a country that does not respect international law should not host the World Cup or the Olympics! pic.twitter.com/bOQUPKw5SG
— Dominik Hasek (@hasek_dominik) January 14, 2026
Бұған дейін АҚШ Өкілдер палатасындағы республикалық партияның мүшесі Рэнди Файн Гренландияның Америка Құрама Штаттарына қосылуы және оған штат мәртебесін беруі туралы заң жобасын Конгрестің қарауына енгізген болатын.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript