Сауд Арабиясы 2034 жылғы футболдан әлем чемпионатын өткізу үшін жаңа қала салмақ
Сурет: Instagram/spl_en
Сауд Арабиясы үкіметі 2034 жылғы футболдан Әлем кубогының ширек финалының бірін картада жоқ Неоме қаласының стадионында өткізуді жоспарлап отыр. Бұл арена теңіз деңгейінен 350 м биіктікте болады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Саудиялықтар болашақ мундиалға 11 жаңа футбол аренасын салғысы келеді, оның сегізі Эр-Рияд қаласында болады.
Сондай-ақ, 2034 жылғы әлем кубогын жанкүйерлер тағы үш қалада көре алады:
- Джидда,
- Әл-Хобар,
- Абха.
Алдағы әлем біріншілігінің ширек финалдық жекпе-жектерінің бірін өткізетін жаңа қала әлі салынбаған Неом болуы мүмкін.
Сәулетшілердің жоспары бойынша жаңа стадион теңіз деңгейінен 350 м биіктікте орналасады және оған тек жоғары жылдамдықты лифттер мен өздігінен жүретін көліктер арқылы жетуге болады.
Жаңа Неом қаласын салудағы жобаның құны 1,5 трлн долларға бағаланды.
Бұған дейін Сауд Арабиясы футболдан 2034 жылғы әлем кубогын өткізгісі келетіндігі хабарланған болатын.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript