Футболдан 2026 жылғы Әлем чемпионатын қазақстандық телеарналар көрсетеді

Футболдан 2026 жылғы Әлем чемпионатын қазақстандық телеарналар көрсетеді , сурет - Zakon.kz жаңалық 21.05.2026 10:56 Сурет: X/fifamedia
"Qazaqstan" және "Qazsport" телеарналары футболдан 2026 жылғы Әлем чемпионатын тікелей эфирде көрсетеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Qazsport" телеарнасының ақпаратына сүйенсек, "Қазақстан" телерадиокорпорациясы 2026 жылғы 11 маусым мен 19 шілде аралығында өтетін футболдан Әлем чемпионатын Қазақстан аумағында көрсету құқығына ие болды. Сонымен қатар, онлайн-тікелей эфир қолжетімді болдады:

  • qazaqstan.tv, qazsporttv.kz сайттары,
  • "Qazaqstan.tv" мобильді қосымшасы,
  • "Birge.tv" платформасы.

11 маусымнан бастап "Қазақстан" телерадиокорпорациясының түсірілім топтары Әлем чемпионаты өтетін қалалардан репортаждар әзірлеп, тікелей қосылымдарға шығады.

"Футболдан 2026 жылғы Әлем чемпионаты ойындарын Қазақстан аумағында көрсету құқығы "Қазақстан" республикалық телерадиокорпорациясына тиесілі. Чемпионат матчтарын өзге ақпараттық ресурстарда рұқсатсыз трансляциялауға және таратуға тыйым салынады. Ел аумағындағы мемлекеттік және жекеменшік ғимараттарда, қоғамдық орындарда көрсетілімдер тек құқық иесінің талаптарына сәйкес жүзеге асырылуы тиіс",- деп ескертті телеарна өкілдері.

XXIII Әлем біріншілігі тарихта алғаш рет бірден үш елде – АҚШ, Канада және Мексиканың 16 қаласында ұйымдастырылады. Жаһандық додада 48 құрама бақ сынайды. Турнир аясында жалпы 104 матч өтеді.

Бұған дейін Қазақстан ерлер құрамасы Өзбекстанда Әлем кубогының кезеңіне дайындықты бастағанын жазғанбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: