Молдова ТМД қатарынан шығуды жоспарлап отыр
Сурет: pexels
Молдова Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығынан (ТМД) шығуға мүмкіндік беретін негізгі келісімдерді денонсациялау рәсімін бастады, деп хабарлайды Zakon.kz.
ТАСС агенттігінің мәліметінше, бұл туралы Молдова премьер-министрінің орынбасары, елдің сыртқы істер министрі Михай Попшой "Radio Moldova" радиосының эфирінде мәлімдеді.
"Молдова Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығындағы мүшелігінің негізін құрайтын үш негізгі келісімді денонсациялау рәсімін бастады. Олар – ТМД Жарғысы, ТМД құру туралы келісім және оған қатысты қосымша құжат. Осы келісімдер ресми түрде күшін жойғаннан кейін, еліміз заңды тұрғыда ТМД мүшесі болудан қалады. Ал іс жүзінде Молдованың ұйымға қатысуы бұған дейін-ақ тоқтатылған еді. Бұл құжаттар түпкілікті бекіту үшін парламентке жолданады", – деді министр.
Бұған дейін Болгария президентінің отставкаға кететінін жазғанбыз.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript