Испанияда тағы бір пойыз апаты орын алды

Испанияда тағы бір пойыз апаты орын алды, сурет - Zakon.kz жаңалық 21.01.2026 12:56 Сурет: X/War_Monitoring
Соңғы үш күн ішінде Испанияда екінші теміржол апаты тіркелді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Барселона қаласына жақын маңда жүретін қала маңындағы пойыз рельстен шығып кетті. Құтқарушылардың алдын ала болжамынша, нөсерлі дауыл салдарынан болған көшкін тіреу қабырғаның құлауына себеп болған. Бұл туралы The Associated Press агенттігі жазды.

Құтқару қызметінің мәліметінше, апат орнына 20 жедел жәрдем көлігі жіберіліп, зардап шеккендер осы өңірдегі үш ауруханаға жеткізілген. Алайда жарақат алғандардың нақты саны әзірге белгісіз.

Каталониядағы бұл апат Андалусияның Адамусе қаласында екі жоғары жылдамдықты пойыздың соқтығысуынан кейін екі күн өткен соң болды. Бұл соңғы он жылдан астам уақыттағы Испаниядағы ең ірі теміржол апаты болып саналады. Аталған қайғылы оқиға салдарынан кемінде 42 адам қаза тапқан.

Бұған дейін Молдованың ТМД елдері қатарынан шығуды жоспарлап отырғанын жазғанбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: