Ким Чен Ын шипажайдың ашылуына қатысты
Сурет: Yonhap News
2026 жылғы 20 қаңтарда Солтүстік Корея көшбасшысы Ким Чен Ын ыстық бұлақтар жанында орналасқан Онпхо еңбекшілер демалыс үйі курортының ашылуына арналған салтанатты іс-шараға қатысты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Asia Business Daily басылымының мәліметінше, аталған курорт елдегі ең көне демалыс орындарының бірі саналады. Ауқымды қайта жаңғырту жұмыстарынан кейін мұнда емдеу нысандары мен заманауи қызмет көрсету инфрақұрылымы пайда болған.
"Кешен келушілер үшін ақпан айында ашылады деп жоспарланып отыр", – делінген жарияланымда.
Ким Чен Ын курорт аумағын аралап көріп, елде санаторий-курорттық инфрақұрылымды дамыту қажет екенін атап өтті. Сондай-ақ Солтүстік Корея басшысы демалыс үйлері мен санаторийлерді біртұтас басқару жүйесі арқылы үйлестіруді ұсынды.
Kim Jong Un tours his shiny new hot springs resort in North Korea and chats with ladies in a new video ad. https://t.co/xTikzrwin0 pic.twitter.com/c2I9dY8rnQ
— TMZ (@TMZ) January 22, 2026
Бұған дейін Ким Чен Ынның вице-премьерді "ешкіге" теңеп, көптің алдында қызметтен босатқанын жазғанбыз.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript

