Әзербайжандық әйел екі баласын сұлулық салонында тастап кеткен

Ребенок у окна, дети у окна, окно, падение из окна, сурет - Zakon.kz жаңалық 28.01.2026 11:14 Фото: unsplash
Әзербайжан тұрғыны екі баласын сұлулық салондарының біріне тастап кеткен. Мемлекеттік органдардың жедел араласуы нәтижесінде кәмелетке толмаған балалар арнайы мекемеге орналастырылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Oxu.az сайтының жазуынша, мекеме қызметкері Мушфиг Гумбатлы бастапқыда балалардың әкесімен бірге тұрғанын, кейіннен әжесі мен атасының қолына өткенін айтты.

"Анасы балаларын сол жерден алып кетіп, біраз уақытқа дейін өзі қараған. Алайда, кейіннен балаларды құрбысының сұлулық салонында қалдырып кеткен. Алдын ала мәлімет бойынша, әйелдің зиянды әдеттері бар. Балаларға тиісті көңіл бөлінбегендіктен, олар қараусыз қалып, білім алу мүмкіндігінен де айырылған. Соған қарамастан, балалар аналарына деген сүйіспеншілігін сақтап отыр", – деді ол.

Сонымен қатар, әйелдің біршама уақыт балаларымен бірге Бакудегі моншалардың бірінде тұрғаны, кейін кенеттен жоғалып кеткені белгілі болды. Анасы туралы 4-5 күн бойы ешқандай ақпарат болмаған соң, мекеме қызметкерлері Әлеуметтік қызметтер агенттігіне жүгінген.

Әлеуметтік желідегі Mehriban әйелдер мен балаларға арналған мекеменің парақшасында жарияланған мәліметке сәйкес, балалардың бірінде жүрек ақаулығы бар екені анықталған.

Бұған дейін АҚШ-та қарлы боранда отыз шақты адам көз жұмғанын жазғанбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: