Танымал курортта бөрібалықтар тобы адамдарға шабуылдады
Сурет: pixabay
Mirror басылымының жазуынша, оқиға танымал демалыс орнында болған. Зардап шегушілердің басым бөлігі табан немесе тобық тұсынан жарақат алған.
Оқыс оқиғадан кейін жергілікті билік аталмыш өзенге уақытша шомылуға тыйым салды. Сонымен қатар ескерту белгілерін орнату және шабуылдардың жиілеу себептерін анықтау үшін техникалық зерттеу жүргізу жоспарланып отыр.
Белгілі болғандай, жағалаудағы дүңгіршек өкілдері жарақат алғандарға алғашқы медициналық көмек көрсетіп, оларды жақын маңдағы емдеу мекемелеріне жеткізген.
Экология саласының маманы жергілікті БАҚ-қа берген пікірінде пираньялардың Парагуаку өзенінің қалыпты тіршілік иелері екенін, алайда адамдарға шабуыл жасау жағдайлары сирек кездесетінін атап өтті.
Маманның айтуынша, судың шамадан тыс жылынып кетуі балықтарға күйзеліс тудырып, олардың агрессивті мінез көрсетуіне себеп болуы мүмкін.
Бұған дейін АҚШ-та қарлы боранда отыз шақты адам көз жұмғанын жазғанбыз.