Қарағанды облысында адамдарға шабуылдаған қасқырдың көзі жойылды
Сурет: unsplash
Қарағанды облысында 2023 жылы 21 желтоқсанда адамдарға шабуыл жасаған қасқыр ұсталды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бұл туралы облыстық полиция департаменті хабарлады.
"Қолға алынған шұғыл іс-шаралар барысында полиция қызметкерлері Қарқаралы тұрғындарына тістеу арқылы дене жарақатын келтірген жабайы аң табылып, оның көзі жойылды". Қарағанды облысы ПД баспасөз қызметі
Бұған дейін 21 желтоқсанда таңертең Қарқаралы қаласының шетінде қасқыр адамдарға шабуылдағаны хабарланған болатын. Қарағанды облысы Денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, орталық аудандық ауруханаға қасқыр тістеген үш әйел көмекке жүгінген. Зардап шегушінің бірі - аяғы ауыр 32 жастағы Арайлым болған оқиғаны баяндап берді.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript