Жаңалықтар тізбегі
0

Қасқырға тап болған қарқаралық келіншек : "Иығымнан тістеп, сүйрей жөнелді..."

Қасқыр, Қарағанды облысы, Қарқаралы қаласы, оқыс оқиға, сурет - Zakon.kz жаңалық 21.12.2023 18:23 Сурет: pixabay
Бүгін Қарағанды облысы Қарқаралы қаласында күн жарықта төтенше жағдай орын алды. Азулы қасқыр аяғы ауыр 32 жастағы жергілікті келіншекке тап берген. Ол әрең дегенде жыртқыштың тырнағынан сытыла алыпты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Үш айлық балаға жүкті зардап шегушінің есімі - Арайлым.  Оның айтуынша, таңертең сағат 9: 00 шамасында ол баласын мектепке апарып тастап, үйіне қайтып келе жатқан. Осы кезде оған тұтқиылдан қасқыр шабуылдайды. Шамасы, жыртқыш құрбанының мойнын нысанаға алған секілді, бірақ иыққа тісі тиіп үлгереді. Адуынды аң олжасын оңаша жерге апаруға тырысады, алайда, бақытымызға орай, полицейлер келіншектің айқайын естіген. Олар келіншекті қасқырдан ажырата алды. Бұдан кейін жыртқыш аң қашып кеткен.

"Менің аяғым ауыр, аңмен бетпе-бет келу өте қорқынышты болды. Ол менің иығымды тістеп алды, қайта таланбадым. Ол өте күшті әрі адуынды. Тістеген жерін оңайшылықпен жібермеді. Баламды мектепке шығарып салып келе жатқанмын. Өйткені біз қаңғыбас иттерден қорқамыз, сөйтсек қасқыр шыққан дейді ме алдымнан. Мектепке қарай қатынайтын автобус жоқ", - деді Қарқаралы қаласының тұрғыны Арайлым.

Сөйтсе қашқан қасқыр сол күйі жоқ болып кетпепті. Ол жергілікті тұрғындардың сарайына да еніп, бірнеше қойды тартып кетіпті. Одан бөлек тағы екі әйелге шабуылдаған.  Зардап шеккендердің үшеуінің де қолы мен иықтарын тістеп, жұлмалаған. Оларға ауруханада көмек көрсетілді.

Қой, қасқыр, шабуыл, Қарқаралы, сурет - Zakon.kz жаңалық 21.12.2023 18:23

Сурет: жергілікті чаттан алынды

Зардап шегуші, қасқыр тістеген, Қарқаралы, Қарағанды облысы, сурет - Zakon.kz жаңалық 21.12.2023 18:23

Сурет: жергілікті чаттан алынды

"Қабылдау орыны деңгейінде барлық қажетті медициналық көмек көрсетілді, зардап шеккендерге антирабиялық вакцина егілді. Науқастардың өміріне қауіп төніп тұрған жоқ, олар амбулаториялық деңгейде емделетін болады", - деді Қарағанды облысы Қарқаралы ауданының клиникалық-диагностикалық емханасының меңгерушісі Давлат Джабаров.

Айта кетсек, Қарқаралының айналасында қылқан жапырақты ормандар, сондай-ақ таулар бар. Жабайы аңның неге адамдарға шабуылдағаны белгісіз. Бұған қатты аяз бен аштық ықпал еткен болуы мүмкін.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: