Эрмитаж әйел суретшілерге арналған онлайн көрмені іске қосты
Сурет: ВКонтакте/hermitage_museum
1 ақпаннан бастап Мемлекеттік Эрмитаж өзінің ресми сайтында XVII ғасырдан XX ғасырдың басына дейінгі еуропалық өнердегі әйелдер тақырыбына арналған "Искусство быть художницей" атты виртуалды көрмені ұсынды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бұл жоба – Ресей музей кеңістігіндегі әйелдердің кәсіби көркемдік қызметінің тарихына толықтай арналған алғашқы виртуалды экспозиция. Көрме "Небесного Эрмитажа" атты цифрлық платформада қолжетімді.
Жоба сипаттамасында көрмеге қойылған туындылардың авторлары айрықша талант иелері болғаны және кескіндеме шеберлігі жоғары деңгейлі екені атап өтілді.
"Алайда сол кезеңде өнер ортасында ер әріптестері басым болғандықтан, лайықты орын алу үшін табиғи дарынның өзі жеткіліксіз еді. Бейнелеу өнерінде жарқын кәсіби мансап құрған әйелдер еңбекқорлық, төзімділік пен табандылық танытқан",- деді ұйымдастырушылар.
Сондай-ақ көрмеде ұсынылған көптеген жұмыстар музейдің тұрақты экспозицияларына енгізілмегені белгілі болды. Бұған дейін бұл туындылар ешқашан бір көрмеде бірге көрсетілмеген.
Бұған дейін археологтардың миналанған аумақтан алтын толы қазына тапқанын жазғанбыз.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript