Жаңалықтар тізбегі
0

"Nauryz" Ұлттық телехикаялар бәйгесіне қатысуға өтінім қабылдау басталды

Бәйге, сурет - Zakon.kz жаңалық 24.02.2023 23:42 Сурет: ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің баспасөз қызметі
24 ақпаннан бастап nauryz-awards.kz сайтында "Nauryz" Ұлттық телехикаялар бәйгесіне қатысуға өтінім қабылдау басталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бәйгеге 2021 жылғы 1 қаңтар – 2022 жылғы 31 желтоқсан аралығында қазақстандық телеарналардың эфирінде, YouTube және басқа да платформаларда көрсетілген сериалдар қатыса алады.

"Соңғы жылдары ана тіліміздегі отандық сериалдардың сапасы артып, деңгейі өскені көзіқарақты көререрменге жақсы мәлім.Соған байланысты сериалдар контентінің сапасын одан әрі арттырып, мемлекеттік тілдің өрісін кеңейтіп, телесериалдарды халықаралық деңгейге шығару үшін жаңа байқау ұйымдастырып отырмыз. Осы мақсатта отандық сериалдардың контентін кәсіби тұрғыдан бағалайтын алғашқы "Nauryz" ұлттық бәйгесі жарияланды", деп жазды Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі Facebook-тегі парақшасында.

Конкурс 13 номинация бойынша өтеді:

1. Үздік тарихи сериал

2. Үздік драмалық сериал

3. Үздік комедиялық сериал

4. Үздік веб-сериал

5. Үздік актер

6. Үздік актриса

7. Екінші пландағы үздік актер

8. Екінші пландағы үздік актриса

9. Үздік режиссер

10. Үздік сценарист

11. Үздік қоюшы-оператор

12. Үздік монтаж

13. Үздік саундтрек.

Жеңімпаздар наурыз айында белгілі болып, оларға NAURYZ арнайы мүсіншесі және 1 миллион теңге көлеміндегі сыйақы табысталады.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: