"ҮРКЕР" – 2024 ұлттық бәйгесіне өтінім қабылдау уақыты ұзартылды
Сурет: ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі
Баспа, радио, интернет-журналистика саласындағы "ҮРКЕР" – 2024 ұлттық бәйгесіне өтінім қабылдау уақыты 10 қыркүйекке дейін ұзартылды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бұл туралы бүгін, 29 тамызда ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі мәлімдеді.
"Конкуртық жұмыстар 2023 жылдың 7 тамызы мен 2024 жылдың 11 тамызы аралығында республикалық, өңірлік және халықаралық баспа және интернет-басылымдарда жариялануы немесе радиоэфирде шығуы тиіс. Әр үміткер байқаудың тек екі номинациясына қатыса алады",- делінген ақпаратта.
Өтінімдер urker-awards.kz ресми сайтында 12 номинация бойынша қабылданады:
- Жылдың үздік сұхбаты
- Жылдың үздік репортажы
- Әлеуметтік тақырыптағы үздік материал
- Жылдың үздік журналистік зерттеуі
- Жылдың үздік аналитикалық материалы
- Жылдың үздік жаңалықтар порталы
- Радиостанциядағы үздік жоба
- Жылдың үздік фотосуреті
- Үздік өңірлік БАҚ
- Халықаралық БАҚ-та Қазақстан туралы жарияланған үздік материал (баспа, радио, интернет-журналистика саласында)
- Үздік подкаст
- Үздік YouTube каналы
"Конкурс қорытындысы бойынша әр номинацияның жеңімпазына "ҮРКЕР" — 2024 естелік мүсіншесі мен 1 000 000 теңге көлемінде ақшалай сыйақы табысталады".ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі
"URKER" — баспа, радио, интернет-журналистика саласындағы үздік жетістіктер үшін беріледі, аймақтардағы мультимедиялық журналистиканы дамытуға ықпал етуге, журналистика мәртебесін арттыруға, кәсіби стандарттар мен критерилерді бекітуге, азаматтық белсенділікті арттыруға бағытталған.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript