Жаңалықтар тізбегі
0

Ұлттық "URKER-2023" байқауына өтініш беру басталды

Ұлттық "URKER-2023" байқауына өтініш беру басталды , сурет - Zakon.kz жаңалық 09.08.2023 10:51 Сурет: Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі
Баспа, радио және интернет-журналистика саласындағы үздіктерді анықтайтын «URKER» – 2023 Ұлттық бәйгесіне өтінім қабылдау басталды. Байқауға медиаконтент өндіретін және тарататын республикалық, өңірлік және халықаралық радиостанциялар, баспа және интернет-басылымдар қатыса алады.

Өтінім қабылдау 2023 жылғы 9 тамыздан бастап 4 қыркүйекке дейін жалғасады.

Конкурcтық жұмыстар 2022 жылғы 25 қыркүйек пен 2023 жылғы 8 тамыз аралығында мерзімдік басылымдарда, интернет-ресурста жариялануы не радиоэфирде шықан болуы тиіс. Әр үміткер байқаудың тек екі номинациясына қатыса алады (екеуден артық емес).

Өтінімдер urker-awards.kz ресми сайтында 12 номинация бойынша қабылданады:

1. Жылдың үздік сұхбаты

2. Жылдың үздік репортажы

3. Әлеуметтік тақырыптағы үздік материал

4. Жылдың үздік журналистік зерттеуі (Сейдахмет Бердіқұлов атындағы арнайы номинация)

5. Жылдың үздік аналитикалық материалы

6. Жылдың үздік жаңалықтар порталы

7. Радиостанциядағы үздік жоба

8. Жылдың үздік фотосуреті

9. Үздік өңірлік БАҚ

10. Үздік халықаралық БАҚ (баспа, радио, интернет-журналистика саласындағы)

11. Үздік подкаст

12. Үздік YouTube каналы


"Биыл байқауға жаңа 3 аталым қосылды. Енді әріптестеріміз «Үздік подкаст», «Үздік YouTube арнасы» және «Үздік халықаралық БАҚ» номинациялары бойынша бақ сынай алады. «Үздік халықаралық БАҚ» номинациясына шетелдік қазақ тілді БАҚ қатыса алатынын атап өтеміз", - деп хабарлады Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі.

Бәйгеге түсетін жұмыстарды (материалдарды) белді журналистер, саланың еңбек сіңірген қайраткерлері мен халықаралық медиа сарапшылар – байқаудың тәуелсіз қазылар алқасы бағалайтын болады. Конкурс қорытындысы бойынша әр номинацияның үздігіне – жеңімпаз атағы беріліп, «URKER» - 2023 естелік мүсіншесі мен 1 000 000 теңге мөлшеріндегі ақшалай сыйақы табысталады.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: