Қырғызстанда қырағы бүркіт ұшып жүрген дронға шабуыл жасады

Беркут, беркутчи, национальные праздники, национальный праздник, Наурыз , сурет - Zakon.kz жаңалық 23.02.2026 10:49 Фото: Zakon.kz
Қырғызстанның Ақсы ауданындағы Падыша-Ата қорығында бүркіт қорық аумағының үстінен ұшып өткен дронға шабуыл жасады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Кадрлардан жыртқыш құстың құрылғыға лап қойып, өз аумағын қорғағаны анық көрінеді. Мамандардың алдын ала болжамынша, бүркіт дронды ықтимал қауіп немесе ірі жемтік деп қабылдаған болуы мүмкін.

Қырағы бүркіттің шапшаң әрекетіне қарамастан, техника зақымданбаған. Ал бүркіт оқиғадан кейін көзден ғайып болған.

Оқиға орнынан түсірілген бейнежазба әлеуметтік желілерде кеңінен таралып, құстың тосын мінез-құлқы көпшіліктің қызығушылығын тудырып отыр.

Бұған дейін Шарын ұлттық паркі фототұзақтағы таңдаулы кадрларды жариялағанын жазғанбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: