Израиль Йеменге тағы да әуеден шабуыл жасады

Израиль авиациясы Йеменнің батысындағы бірнеше порттарға әуеден шабуыл жасады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Al Masirah телеарнасының мәліметінше, Израиль армиясы Йеменнің батысындағы "Салиф портына және Қызыл теңіздегі Ходейда портына" соққы жасаған.
Бейсенбіде Йеменнің солтүстігіндегі билеуші "Ансар Алла" (хуситтер) шиит әскери-саяси қозғалысы Израильдегі Бен-Гурион әуежайына 72 сағат ішінде төртінші зымыран соққысы жасалғанын мәлімдеді.
Бұған дейін Израиль Йемендегі әуежайға, екі электр станциясына және ел астанасындағы зауытқа әуеден соққы берген.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript